Жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің алдын алу және болдырмау мақсатында 7,8-сынып оқитын ер балаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Басқосуға облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы
Светлана Әлібекова қатысты.
Кездесуде Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі, қоғам белсендісі Еркебұлан Сеитбаттал, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі, спортшы Манарбек Бисекенов және Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Эльмира Рахметова өз пікірлерімен бөлісті.
Әлеуметтік желіде орын алған келеңсіз жағдайларға қатысты мамандар тарапынан ақыл-кеңестер айтылып, тәртіпсіздікке жол бермеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, этномәдени орталықтардың қатысуымен уақытша тергеу изоляторында да осындай тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.