Беташар Жаңаөзен қаласында өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күйеу жігіт қалыңдықты туыстарымен таныстыру рәсімін дәстүрлі түрде өткізуді ұйғарған.
Лимузиннің орнына жылқыны таңдап, қолына бүркіт қондырып, қасына тазы ерткен.
Мұнай саласында еңбек етіп жүрген Бауыржан осылайша дәстүрді жаңартып, тың серпін беруге бел буды.
Ақшұқыр ауылының болашақ келіні Сехер де ұлттық той көйлек киіп, атқа отырды.