Ақтауда 34 және 38 шағын аудан аралығындағы автомобиль жолдары уақытша жабылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
34 шағын ауданнан 38 шағын ауданға су және газ құбыры жүргізілуіне байланысты шағын аудандар арасындағы автомобиль жол 3 күнге, 15-17 сәуір күндері уақытша жабылады.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі қала тұрғындарынан уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.