Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев атап өткендей, Жылыой ауданы бойынша соңғы бірнеше күнде оң динамика байқалуда. Жем өзенінің төмендеуі 85 см құрады, Доссор-Құлсары тас жолын қалпына келтіру жалғасуда, сондай-ақ қаланың өзінде су сору жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осы мақсаттарға 58 бірлік техника жұмылдырылды. Өткен тәулікте 11 мың текше метр су сорылды. Сондай-ақ, үйлерге электр қуатын беру қолға алынды. Бірнеше күннің ішінде 500 үйге электр қуаты берілді, күн сайын 6 бригада мен 8 техника бірлігі 60-100 үйді электр қуатына қосды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, күн сайын су сынамалары алынады.
«Жанармай құю станцияларының, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды. Өткен тәулікте Жылыой ауданында эвакуация жүргізілген жоқ», - деді Руслан Жұмағазиев.
Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. 13 сәуірде жоспарланған 222 бөгеттің 113 км салынды, жағаны нығайту жұмыстарына 935 бірлік техника, түрлі ұйымдардың 2,5 мыңға дейін қызметкері және 3 мыңнан астам ерікті тартылды.
«Сапа орталығымен және техникалық қадағалау қызметтерімен бірлесіп, бөгеттердің беріктігін сынау басталды. Тиісті жұмыстар Индер және Махамбет аудандарында да жалғасуда. Мәселен, Индер ауданында қазір Жайық өзенінің деңгейі 5м 16 см, 24 км бөгет салынды», - деп атап өтті спикер.