Қазақстандықтар бір-біріне Атырау қаласының 80 пайызға жуық жері су басады деген аудиохабарлама жолдауда. Хабарламада оқиға 20 сәуірде болады делінген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты stopfake_kz сайтына сілтеме жасап.
Жіберілген аудиохабарламаға Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы түсініктеме берді.
«Атырау ІІБ Атырау қаласын су басатыны туралы жалған аудиожазба таратқан азаматты жауапқа тартты. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, оның ішінде бас бостандығынан айыру қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Азаматтарды Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб таратқан ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.