Ақтауда негізгі 15 автомобиль жолын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолдарын да қардан тазалады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қалада 15 негізгі автомобиль жолын қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдарды қардан тазалау жұмыстарына 46 жол қызметкері және 3 техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көлік иелерінен көліктерін жол жиектеріне қалдырмауын сұрайды. Себебі бұл техникалардың жол жиектерін қардан тазалауына кедергі келтіреді, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Арман Төлегенов.
Жолдарды қардан тазалау жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-№27 автомобиль жолы, Сары базар маңы;
-№18 автомобиль жолы; Хазар базары маңы;
-№29 автомобиль жолы, Ш.Есенов атындағы университет пен 32А ш/а аралығы;
-№9 автомобиль жолы; «Заман» с/о арты;
-№7 автомобиль жолы, «Три короны» ТҮК маңы;
-№24 автомобиль жолы, 30 және 33 ш/а аралығы;
-№3 және №19 автомобиль жолының қиылысы;
-№31 автомобиль жолы, 32А және 32Б ш/а аралығы;
-№3 автожолы, «Қашаған» ескерткіші мен «Ардагер» СҮ аралығы;
-№15 автомобиль жолы, «Green park» ТҮК маңы;
-№7 автомобиль жолы, «Самал Резиденция»;
-№14 автомобиль жолы, 8 және 10 ш/а аралығы;
-№1 автомобиль жолы, 11А және 11 ш/а аралығы;
-№20 автомобиль жолы, 13 және 17 ш/а аралығы;
-№21 автомобиль жолы, 27 және 28 ш/а аралығы;
-№25 автомобиль жолы, 28 және 29 ш/а аралығы.
Қарды тазалау жұмыстары кешкі кезекшілікте де жалғасады.