© turkystan.kz
Сұранысқа ие аймақтар қатарында Ақтату көш бастап тұр.Сондай-ақ бұл тізімге Түркістан мен Алматы шаһарлары енді, деп хабарлайды mangystaumedіa.kz сайты.
Бүгінде «Kids Go Free» бағдарламасын қолдануға 153 өтініш келіп түсті. Оларды балалардың санына шаққанда 307-ге жетіп қалады. 14,1 млн теңге көлемінде төлемақы төленді. Бағасы ең қолжетімді тур Алматы қаласында 82 мың теңгеге сатылған. Ал ең қымбат туристік бағыт ретінде құны 1,2 млн.теңге құрайтын тур Ақтау қаласына сатып алынған. Ең қымбат әуе бағытының құны 369.8 мың теңгені құрады. Жоба аясында бір балаға арналған билет құны 50-55 мың теңгеге субсидияланады. Бір отбасының 7 баласы Алматы қаласындағы турға өтініш берген.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде турпакет шеңберінде саяхаттайтын 2-17 жас аралығындағы балаларға билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді. Аталған жоба тек ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді
Бағдарлама қалай жұмыс істейді?
1. Аталған бағдарламаны Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады.
2. кәмелетке толмаған балалар әуе рейсіне ата-анасы және өзге де ересек жақын туыстарымен отырғызылады;
3.шара турпакет шеңберіндегі сапарларға ғана қолданылады;
4. турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс.
5.Аталған ережелер сақталған жағдайда, туристік жолдаманы сатып алу кезінде балалардың әуе билетінің құны алынып тасталады.
Маңыздысы, бағдарлама аясында туроператорлар шығындары кейіннен мемлекет есебінен өтеледі. Бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдау туроператорлардың өз еркінде.