Ақтау битум зауытында екінші рет спорттық командалық-коммуникативтік ойындар өтті. Осылайша зауыт қызметкерлері спорттық іс-шаралар – ең нәтижелі ынталандырушы күшке ие екендігін дәлелдеді. Спорт – ортақ рух пен бірлікке жетелейді, жұмысқа деген құлшынысты арттырады және әлеуметтік, сондай-ақ кәсіби бағыттарда адамның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «САЅРI BITUM» БК» ЖШС-да спорттың сегіз түрі бойынша командалық-коммуникативтік спорттық ойындардың негізі қаланды. Аталмыш ойында бәйгеден оза шапқандар үшін бас жүлде ретінде ауыспалы кубок тағайындалды. Құрылған ұйымдастыру комитеті ойын ережелерін әзірлеп, бекітті, оған сәйкес 6 команда мен зауыттың 90 қатысушы-жұмыскерлері арасында жарыстар өткізілді. Басты мақсат – адал спорттық бәсекеде әр түрлі бөлімшелердің әріптестерін біріктіру және достастыру сәтті іске асты. Корпоративтік жарыстар бірден жұмыскерлердің көңілінен шықты, өте қарқынды өтті және ешкімді бей-жай қалдырмады. Зауыттықтар ойындарды болашақта әр алуан және одан да қызықты етіп өткізу туралы көптеген ұсыныстар жасады.
Енді, міне, маусым айында екінші спорттық командалық-коммуникативтік ойындар өтті. 11–18 маусым аралығында 8 күн бойы әріптестер додалы жарыс өткізді, бұл ретте негізгі қағидат мүлтіксіз сақталды. Мұнда өндірістік және әкімшілік қызметкерлер, басшылар мен бағынушылар деген бөлініс болған жоқ. Үздік атағы үшін күресіп, бас жүлде – ауыспалы кубокты алу үшін әр түрлі бөлімшелерден жүз отыз бес қызметкер тоғыз командаға біріктіріліп, жарыстың он төрт түрі бойынша өнер көрсетті. Олардың сегізі – мини-футбол, волейбол, боулинг, дартс, шахмат, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, арқан тартыс – желтоқсан айында да өткен болатын, ал бұл жолы жұмыскерлер садақ ату, жеңіл атлетика, веложарыс, киберспорт, жүзу және «Шейкер квиз» зияткерлік ойынын қосуға ниет білдірді. Бірақ күш, ақыл және ептілік көрсету жеткіліксіз болды, «Ең креативті командаға» ерекше жүлде тағайындалды: ұраны да, сырт келбеті де, жанкүйерлерге өзін таныстыра білуі де бағаланды.
Ойындар өте қарқынды өтті, ойыншылардың жеңіске деген құштарлығы күшті болды. Бұл жарыс тек әріптестер үшін ғана емес, қатысушылардың өздері үшін де жаңалық болды. Мысалы, Аман Құсайынов көп жылдар бойы жүзумен айналысатын еді, және дәл осы жарыстарда өзінің жеке рекордын жаңартты; Інжу Айтжанова теннис ойнауды ойындарды өткізуден бір апта бұрын үйренгеніне қарамастан, үстел теннисінен жарыста лайықты қарсыласы болған спортшы қызды ұтып, бірінші орынды жеңіп алды. Боулинг бойынша командалық жарыста отыз алты қатысушы арасында ең мықты ойыншы ретінде Диас Кочербай, Ғабиден Кенжеғалиев және Ирина Гаврилова оза шапты. Волейболдан жарыстың екінші турында ең үздік, қызықты және есте қаларлық ойынды негізінен орта жастан асқан қызметкерлерден тұратын «Легион СЛЭМ» командасы көрсетті. Бұл команда жарыстың басынан соңына дейін ойыншылар арасында ерекше бірлік пен ынтымақтастық рухымен ерекшеленді, сол арқылы басқа қатысушылардың қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.
Сенбі күні 18 маусымда біздің еліміз де кеңінен танымал «Шейкер квиз» зияткерлік ойынын ойнау үшін барлық ойыншылар финалдық кезеңге қаланың мейрамханаларының бірінде жиналды. Қатысушылар үшін арнайы әр турға Ақтау битум зауытының қызметі туралы сұрақтар енгізілді. Аталмыш іс-шара соңында «CASPI BITUM» БК» ЖШС екінші спорттық командалық- коммуникативтік ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Ойын ұйымдастырушылары арнайы дипломдар мен түрлі жарыстарда бірінші орын алған алты команда мен тоғыз жұмыскерді атап өтті, ал жеңімпаздар ретінде үшінші орын алған «АРЛАН» командасы (капитан – А.Унайбаев, ТШЦ құюшысы), екінші орынға шыққан «Кәсіподақ CASPI BITUM» командасы (капитан – Р.Жупбанов, кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары) және бірінші орын және бас жүлде – үлкен өтпелі кубок иегері «Бірлік» командасы (команда капитаны – А.Искаков, диспетчерлік қызмет бастығы) танылды. «Тақиялы періште» командасы (капитан – Н.Омарова, бюджеттеу бөлімінің бастығы) ең креативті команда атанды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен марапаттау дипломдарын алды. Жарыс жеңімпаздарына марапаттарды бас директор Ерболат Қожабаев, бас директордың бірінші орынбасары Сун Гуантао және іс-шара қонағы «Қазақстанмұнайгаз кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы М.Рзаханов табыс етті.
Е.Қожабаев барлық қатысушыларды жарыстың лайықты аяқталуымен құттықтап, қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалмай, жаттығу жасап, келесі ойындарда жаңа жеңістерге дайындалуды тіледі. «Сіздердің әрқайсысыңыз зауытқа шын ниетпен және ынта-ықыласпен келіп, әріптестермен қарым-қатынастан ләззат алса, өміріміздің көп бөлігін жұмыста өткізетіндіктен, сіздерді жетістікке деген ұмтылыс біріктірсе деп тілеймін», – деп қорытындылады «CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директоры.
Ⓐ «САЅРI BITUM» БК» ЖШС баспасөз қызметі