Бұл туралы Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Салимов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері тұрғындардың және кәсіпкерлердің шағымдары бойынша 2 субьектіге тексеру жүргізілген.
- Мекемелердің біреуіне 4 900 800 тенге мөлшерінде айыппұл салынды, қысқартылған тәртіпте 2 450 400 тенге төленді. Ал, екіншісіне хаттама толтырылды. Алайда, қарсы жақ шағым бергені үшін әкімшілік құқық бұзушылық ісі уақытша тоқатылған. Сондай-ақ, департамент бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді 1 мамырдан кешіктіріп бергені үшін 10 субъектіге жалпы соммасы 6 841 560 тенге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды. Оның 6 табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қысқартылған тәртіпте қаралып, 2 021 580 тенге айыппұл төленді, - деді Жандос Салимов.
Сонымен қатар, «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші аясында, жанар-жағар майды бөлшек саудада өткізуге белгіленген бағадан асып кету фактісі 5 кәсіпкерден анықталып, заң талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық хатамалар толтырылып, сотқа жолданған.
Спикердің мәліметінше, қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінде 49 субъект тіркелген, оның ішінде жергілікті бөлімде – 47, республикалық бөлімде – 2 табиғи монополия субъектісі. Барлығы 76 қызмет бойынша, оның ішінде, жылу энергиясы бойынша 18 қызмет, сумен жабдықтау бойынша 21 қызмет, су бұру бойынша 11 қызмет, электр энергиясын беру бойынша 14 қызмет, кірме жолдар бойынша 10 қызмет, тауарлық газды тасымалдау бойынша 2 қызмет көрсетуде.