Төтенше оқиға бүгін түнде 14 маусымнан, 15-маусымға қараған шақта Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 00:50-де Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан 40 шақырым жердегі "Өзенмұнайгаз" АҚ аумағында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Мұнайгаз компаниясының МГӨБ-2 аумағындағы АПРС-40 қондырғысы мен №49 топтық қондырғысы өртенген. Арада бір сағат өткенде, сағат 01-51-де өрт сөндірілді. Оқиға орнынан жанып кеткен адамның мәйіті табылды. Қазір оның мән-жайы мен себебі анықталуда.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-нің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, МӨҚ 14-Семсердің 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.