МГӨБ-2 аумағында “Кезби” ЖШС қызмет көрсететін көтергіш аггрегат пен ұңғыма сағасы өртенді. Қазіргі уақытта өрттің себептерін анықтау, тергеу және қалпына келтіру жұмыстарымен құқық қорғау мен уәкілетті орган қызметкерлері айналысып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz “Кезби” ЖШС-на сілтеме жасап.
Оқиға орнында “Кезби” компаниясында жүк көтергіш көлік жүргізушісі қызметін атқарған 1977 жылы туған азамат жан тапсырды.
- Аталған нысанда қолданылған техника 2014 жылы шыққан және қажетті барлық сертификаттар мен және т. б. құжаттары бар. Ал компания атынан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Кәсіпорын марқұмды жерлеу рәсімдерін толығымен өз мойнына алады және отбасына материалдық көмек көрсетеді, - деп жазылған компания хабарламасында.