Бұл туралы облыстық ҚКО-да өткен брифингте «Каспий» су тұшыту зауытының басшысы Аққұлов Нұрлыбай Қаржаубайұлы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- «Каспий» су тұшыту зауыты тәулігіне 20 мың тм су өндіреді. Жақында тағы қондырғы орнатып, тәулігіне 24 мың тм шығаратын болдық. Бұл судың 60%-ы Мұнайлы ауданына 1 тм 30 теңгеден беріледі. Сонымен қатар Қарақия ауданына, теңіз жағасындағы нысандарға оның ішінде «Rixos» та бар, тағы басқа қажетті жерлерге жібереміз. Теңіз жағасындағы нысандарға тек 1600 тм су кетеді. Себебі олардың өз су тұшыту қондырғылары бар. Бізге қарасты жерлер негізінен осылар, ал қаланың ішін МАЭК қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда қаладағы су тапшылығына байланысты МАЭК-ке 3500-4500 тм суды уақытша жіберіп отырмыз, - деді «Каспий» су тұшыту зауытының басшысы Аққұлов Нұрлыбай Қаржаубайұлы
Маңғыстау облысында су тапшылығы жылдан жылға артып келеді. Мысалы Ақтау қаласының өзіне үздіксіз су келіп тұру үшін, қазіргіден 10 мың тм артық өндіру керек.