Ақтау қаласын сумен тұрақты қамту үшін МАЭК-тегі ескірген қондырғыны алып тастап, тәулігіне 24 мың тм су өндіретін жаңа ГТПИ-4А, 4Б және ГТПИ-5А, 5Б қондырғылары орнатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы облыстық ҚКО-да өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров мәлімдеді. Спикердің айтуынша, жоба толығымен жасақталып мемлекеттік сараптамаға тапсырылған. Қорытынды шыққаннан кейін, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР ИИДМ-ге өтінім беріледі. Жоба 2024 жылы аяқталады, болжамды құны – 18,7 млрд.теңге.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Ақтау қаласы мен оған іргелес елді мекендерге су жібереді. Қазіргі уақытта тәулігіне 44 мың тм өндіреді, бірақ бұл халықты сумен толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып отыр.