87 %-ға тозған «Астрахань-Маңғышлақ» суағарын жөндеу жобасына «Магистралды су құбыры» ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жобаның құны – 421,6 млрд теңгені құрайды. Жөндеу жұмысын жүзеге асырудың І кезеңінде 147,5 млрд теңге жұмсалады. Суағарды жаңғырту жобасын «ҚазТрансОйл» АҚ қаржыландыруы мүмкін.