Енді тұрғындар Ақтаудан «Жылы жағажайға» дейін қоғамдық көлікпен баратын болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
№6 қоғамдық көлік жылы жағажайға 36 шағынаудан бойынан қаланың орталық көшелерінен өтіп, Приморский елдімекені арқылы барады. Ал соңғы нүктесі - «Tree of Life» демалыс базасы.
- Қазіргі таңда бір автобус ғана жылы жағажайға тұрақты қатынайды. Алдағы уақытта қоғамдық көлік санын арттыру және жыл бойы үздіксіз жүргізу жоспарланып отыр, - дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.