21 мамырда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20-25 м/с дейін жетуі ықтимал.
Осы күні Ақтауда да найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20м/с.
Маңғыстау облысының ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Есіңізде болсын, жаңбырда жол тайғақ болады, көлік алды терезеден анық көрінбейді. Мұндай жағдайда жүргізушілерге де қиынға соғады, сондықтан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек.
Жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көлікке қатты жақындамауды сұраймыз.
Дауылды қаупі туғанда балконды бір тексеріп шығыңыздар. Жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек. Көлікті ағаштардың және ескі құрылғылардың маңынан алып тастау қажет. Ең маңыздысы, балаларды қараусыз тастамаңыз. Қатты жел кезінде ғимараттардың қасына тұрмаңыз, шатырлар, басқа да нәрселер ұшып түсуі мүмкін.