Бүгін, 22 ақпан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жиын өтті. Бүгінде облыста «COVID-19» вирусын жұқтырғандар саны төмендеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауында. Мамандар өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша атқарылған жұмыстарға күнделікті мониторинг жасап, тиісті сала өкілдерімен тығыз байланыста отыр.
Жыл басында індет жұқтырушылар саны тәулігіне 200 адамнан аса, соңғы тәулікте 1 адамнан анықталды. Қаза тапқандар жоқ.
Облыста 2020 жылдан бастап «COVID-19» вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 27 667 адам. Ал, 2021 жылдың қаңтар айынан күні бүгінге дейін 23 967 адам коронавирус инфекциясымен тіркелген. 2022 жылдың қаңтар айынан күні бүгінге дейін 4188 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Сонымен қатар сауыққындар саны осы жалға 3887 адамды құрады.
Тұрғындарға инфекциялық 9 стационарда 280 төсек орын қызмет атқаруда. Стационарларда науқастар саны 2 ақпанда 111 адам болса, бүгінгі күні олардың саны 36 адамға, янғи 32% төмендеді.
Маңғыстау облысы еліміз бойынша жасыл аймақтың қатарында.
Облыс әкімі аймақта індет жұқтырушалырдың саны азайып, жағдайдың тұрақты болуы медицина қызметкерлерінің нәтижелі еңбегінің арқасы екенін айтып, сала мамандарына алғысын білдірді.
- Бұл оң өзгеріс індетке қарсы арпалыстың алдыңғы шебінде жүрген медицина мамандарының табанды еңбегінің жемісі деп білеміз. Бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Денсаулық сақтау министрлігінің берген тапсырмаларын ескере отырып, әлі де сақтық шараларын ұстанып, екпе алуды, ревакцинация жұмыстарын жалғастыру керекпіз,- деді Нұрлан Ноғаев.