5 тамыз күні Орынбор қаласында дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жарыста ақтаулық қос спортшы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының атынан ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Асқар Нарқұлов пен Сұңғат Жұбатқан алтын және қола жүлдеге ие болды. Алғашқы кездесуде Асқар Нарқұлов Тәжікстаннан келген дзюдошыны жеңді. Екінші кездесуде голландтық спортшымен шаршы алаңға шығып, сәтті аяқтады. Финалда Әзербайжаннан келген спортшыны жеңіп, чемпион атанды.
Сондай-ақ Сұңғат Жұбатқан шаршы алаңға Батыс Қазақстан облысынан келген Тоқтар Үмітәлиевпен шығып, қола жүлдегер атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны бес медальға толықты.