Бүгін «Mangystau Arena» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында «Әмениада – 2021» жарысы басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Екі күнге созылатын жарыста Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларынан және Маңғыстау облысы аудандарынан келген 6 команда бақ сынайды. Барлығы 80-ге жуық спортшы қатысады.
Сонымен қатар турнирде 200 метрлік «тәждік қашықтықты» бағындырған спортшыға Амин Тұяқовтың арнайы сыйлығы беріледі.
Оқи отырыңыз: Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді - Министр бұйрығы шықты
«Турнир 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирде бірінші орынға 30 мың теңге ақшалай сыйлық тағайындалды, екінші орынға - 20 мың теңге. Жеңімпаздарды Амин Тұяқовтың өзі марапаттайды», - дейді Маңғыстау облысы бойынша жеңіл атлетика федерациясының бас төрешісі Дмитрий Славнов.