Маңғыстауда бейнелеу өнерін дамыту мақсатында «Жеті түс» жобасы жүзеге асады. Жақында жобаның таныстырылымы өтті. Жоба жетекшілерінің айтуынша, қыркүйек айында алғашқы «Күзгі вернисаж» шарасы өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған жобаны Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе Ақтау қалалық суретшілер одағы ұйымдастырады.
«Жоба аясында өңірдегі суретшілерге арналған отандық және шетелдік суретшілердің шеберлік сағаттары өтеді. Отандық суретшілердің вернисажы, шетелдік сарапшылардың қатысуымен бейнелеу өнерін дамыту мақсатында симпозиум және «Мың бояулы Маңғыстау» плэнері, өңір суретшілерінің Астана қаласындағы көрмесі ұйымдастырылады», - дейді жоба жетекшілері