© Фото Loro Piana мерекелік капсула топтамасынан
Итальяндық сәнді киім өндірушісінің ресми аккаунтында дәстүрлі көшпелілер үйінің фонында түскен бірнеше фотосурет пен бейнеролик жарияланды. Ақ қар басқан таулардың аясында ою-өрнекпен безендірілген киіз үйі қазақ халқының көзіне оттай басылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Италияның Loro Piana бренді өзінің әлеуметтік желідегі жарнамасында қиіз үйді декорация ретінде көрсетті.
Киіз үймен видеоны кім және қайда түсіргені туралы мәлімет жоқ. Бренд серіктестерді таңдауда мұқият болатыны белгілі.
«Керемет талғампаздықпен жасалған Loro Piana мерекелік капсула топтамасы ең суық климатта жайлылық пен функционалдылықты қамтамасыз етеді» деп жазылған видео жазбасында.