Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін бірқатар өңірде ауа райы күрт нашарлайды.
2 желтоқсанда таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ бар. Оңтүстік-батыстан, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метр.
2 Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Батыста, солтүстікте түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз қарлы боран соғады.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырауда 2 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр, ал күндіз оңтүстікте, облыстың батысында екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Петропавлда 2 желтоқсанда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 8-10 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.