Басқарманың жаңа басшысы болып Қазбек Тәшімов тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазбек Тәшімовтың құқықтану және малдәрігерлік санитария мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 20 жылдық еңбек өтілінің 14 жылын ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында өткеріп келеді.
Тәшімов аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып еңбек еткен. Соңғы атқарған қызметі – Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активі мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырып, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласы тың серпін мен жаңа тәсілдерді енгізуді қажет ететінін атап өтті.
Өңір басшысы сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қатысты жауапты тұлғалардың алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.