"Маңғыстау облысы әкімдігінің" Telegram чат-каналында қала тұрғындары тарапынан орталық жолдарда жасанды жол кедергілерінің аздығы туралы жиі көтеріледі. Бұл туралы mangystaumedia.kz облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы мәселеген алаңдаған ақтаулықтар әсіресе, көліктер жоғары жылдамдықпен жүретін жолдардағы жаяу жүргіншілер жолағына кедергілерді қоюды сұраған.
Аталған мәселеге Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев жауап берді. Айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде, спорт кешендерінде және шағын аудандар ішінде жасанды жол кедергілерін қоятын жерлер анықталуда.
Осыған дейін, Ақтауда бір ай ішінде жалпы ұзындығы 293,5 метр болатын 54 "жол кедергісі" орнатылған.
Алдағы айда бұл жұмыс жалғасады. Тағы 200 метр жерге жол кедергісін орнату жоспарланған.