Әлеуметтік желі қолданушысы 17 шағынаудандағы жолды жөндеу керектінін айтып, облыс әкімдігінің телеграм каналына сауал жолдаған. Жауапты мекеме өкілдері тұрғынның сұрағын назарға алып, жөндеу жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
- 17 шағынаудандағы «РЕЗИДЕНТ» ТҮК, «ЖАНБОЛАТ» ТҮК, «Дана» супермаркеті орналасқан жердегі жолдың киылысына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сіздің өтінішіңіз орындалды,- деді «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің мамандары.
Сондай-ақ орындалған жұмыстың суреттерін облыс әкімінің телеграм каналына жіберді.
МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ БАҚ жұмыс бөлімінің маманы Балнұр Смайылдың айтуынша, бүгінгі таңда телеграм каналға 9 516 сұрақ келіп түскен. Оның ішінде 9 509 сұраққа жауап берілген.