Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін айыпталған «Ж», «Т», «Т», «А», «Б», «Б», «М», «Н», «Т»-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот бұл істі адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бопсалаушылық, салық төлеуден жалтару, топтасу арқылы алдын ала сөз байласып рейдерлік әрекет жасау, лауазымдық өкілетін теріс пайдалануы бойынша қараған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотта сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы «СКЗ», «Батыр», «Приозерный», «Рахат» қосалқы станцияларындағы есептеу құралдарына рұқсатсыз электр энергиясын ұрлағаны анықталды. Осылайша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на және «МРЭК» АҚ-на аса ірі мөлшерде залал келтірді.
Сондай-ақ «Т» және «Т» алдын ала сөз байласу арқылы «бопсалау» және «рейдерлік» бойынша қолданыстағы ЖШС-ны және жәбірленушілер «А», «А», «С», «Ч»-ның мүдделеріндегі сатып алу құқығы бар бағалы қағаздарды заңсыз алу жолымен жәбірленуші «К»-ға ірі көлемде шығын келтірді.
Сонымен қатар, «Т» салық төлеуден жалтарған.
«Б» мен «М» электр энергиясын ұрлаудан басқа, лауазымдық өкілеттігін пайдаланып, аса ірі көлемде шығын келтірген.
Айыптаудың кейбір баптары бойынша сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, жәбірленушілер өкілдерінің, куәлардың, сотталушылардың өздерінің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Кейбір баптар бойынша сотталушылар олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауына байланысты ақталды.
Прокурор барлық сотталушыларды кінәлі деп тануды және жаза тағайындауды сұрады. Ал қорғаушылар сотталушыларды ақтауды сұрады.
Сот «Ж», «А», «Б», «Н», «Т» ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Т» ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағы; 249-бабы 2-бөлігі 1-тармағы 245-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ;188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы; 189-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған ҚК-нің 58-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Т» ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы; 249-бабының 2-бөлігі 1-тармағы; 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған ҚК-нің 58-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Б» ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы; 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы; 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«М» ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы; 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп таныл, ҚК-нің 58-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Ж» Қк-нің 262-бабы 1-бөлігі; 194-бабы 4-бөлігі 1-тармағы; 249-бабы 3-бөлігі 1-тармағы; 245-бабы 3-бөлігі; 189-бабы 4-бөлігі 1-тармағы; 218-бабы 3- бөлігі 2-тармағы бойынша ақталды.
«Т» ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі; 218-б. 3-бөлігі 2-тармағы бойынша ақталды.
«Т»,«А», «Б» ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігі бойынша, «Б» ҚК-нің 262-бабы 3-бөлігі бойынша ақталды.
«Ж» өз кінәсінің дәлелденбеуіне, іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды, оның пайдасына «Ж», «Т», «Т», «А», «Б», «М», «Т»-дан ынтымақты тәртіппен 35 780 670 теңге өндіріп алынды.
«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ азаматтық талап арызы қараусыз қалдырылды.
Яғни, «Электр жүйелері» ЖШС, «АльянсЭнергоСнаб-Ақтау», «АТЖ Power»-ге тиесілі автокөлік құралдары мемлекет кірісіне айналдырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.