Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, жаңа ғимарат Жаңаөзен қаласында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілігімен салынады. Жоба құны 240 млн теңгені құрап отыр. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
«Жаңаөзен қаласында жалпы спорт саласындағы 10 жоба қолға алынған. Оның екеуі - спорт зал құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Спорттық нысандар Маңғыстау облысының басқа да аудандарында салынып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы «Бокс орталығы» ғимараты, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы «Сүлеймен Промоушен» спорт кешендері», - деді Қанат Жұмабаев.