Сербия астан Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Серік Теміржасы, Абылайхан Жүсіпов және Нұрлан Сапарбай шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессияда 1/16 финалда Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістіреді.
Ал кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финала жапонияқ Реито Цуцумимен шеберлік байқасады.
Бұдан бұрын Серік моңғолиялық Энх-Амар Хархуумды қапы қалдырған еді. Сондай-ақ, 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Ол бұғ дейін Тайбэйден келген Ю Линьнің осал тұсын тапты.
Айта кетсек, күндізгі сессия елорда уақытымен 17: 00-де басталса, кешкісі 22: 00-де ойналады.
Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.