Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі қазақстандық шаршы алаңға шығады.
Ел құрамасынан 51 келіде Сәкен Бибосынов 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.
Сәкен 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Қарсыласы 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тақты.
Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.
Жекпе-жек елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.