Маңғыстау облысынынң Бейнеу ауданының 99116 әскери бөлімінің 5 әскери қызметкері жарақаттанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қорғаныс министрлігі әскерилердің оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында жарақат алғанын мәлімдеді.
Ведомстваның мәліметінше, дәрігерлер 5 қызметкердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған. Оқиғаға байланысты тексеру басталған.
Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар әлі хабарламады.