© Сайт архивінен
Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, маслихат депутаттары дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде.
19.04.2021 түні болған рейд кезінде түнгі 24:00-ден кейін де жұмысын жалғастыра берген Ақтаудағы «Tongal house» мейрамханасы және «Dracarys» лаундж-барында адам лық толы екені анықталды. Маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық мүлдем сақталмаған. «Rich house» ресто-барында және «Таверна» кафесінде санитарлық талапты мүлде ескермеген.
Осы және өзге те тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, дәмхана қожайындарына хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін саитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.