Криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласы, Мерей шағын ауданында 24 жастағы күдіктіні есірткі затымен ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктінің қалтасынан 13 изолентаға оралған 13 дана “СК” синтетикалық есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды. Одан бөлек, Жаңаөзен қаласы аумағында бірнеше жерден синтетикалық есірткіге ұқсас заттың 38 түйірі табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.