Ақтауда қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия отырысының төрағасы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақов отырыстың негізгі мақсаты - отбасылық, тұрмыстық мәселелер екенін айтты.
- Комиссия жұмысындағы негізгі мәселе - балалар мен әйелдердің құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсету, тұрмыстық мәселелерге байланысты профилактикалық шаралар. Президент өзінің Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының санын азайту мақсатында жүйелі шаралар қабылдау бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өте маңызды рөл атқаратынын атап өткім келеді, - деді Әбілқайыр Байпақов.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Ақтау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторының м.а., полиция майоры Жантуар Роза, №1 Ақтау қалалық емханасы директорының ана мен бала істері бойынша орынбасары Гүлдана Бекназарова қатысты.