Енді «Маңғыстау Жарық» ЖШС қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін HalykBank және Kaspi.kz қосымша арқылы төлемдерді қабылдайтын болады. Бұл туралы компания директоры Ермек Давлетпаков айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Банкпен өзара келісімшартқа отырдық. Бұған дейін келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. Тұрғындар өз қалауы бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді өздеріне ыңғайлы қосымшалар арқылы төлей алады немесе Ақтау қаласы 10 шағынаудандағы және Мұнайлы ауданындағы кассаларға барып төлесе болады, - деді Ермек Давлетпаков.
ҺӨңір тұрғындары терминалдар арқылы да төлем жасай алады: Ю-Станция/ю-кошелек; «QIWI Kazakhstan терминал» ЖШС (КИВИ Казахстан); «Қазпочта»; «Қазақстан Халық Банкі» кассаларында төлем жасай алады.
Halyk Bank терминалдары, ю-Станция/Ю-кошелек, «QIWI Kazakhstan» ЖШС(киви Қазақстан) арқылы төлем қабылдау кезінде жүйе клиенттердің жеке шоттарын автоматты түрде анықтайды және оларды қала/облыс бойынша бөледі.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС тұрғындарға тұтынылған электр энергиясы үшін шот-түбіртектің бірыңғай формасы қолданысқа енетінін еске салады. Қыркүйек айының төлемі есептелген жаңа үлгідегі шот-түбіртек аймақ тұрғындарына қазан айында таратылады.
Шот-түбіртектің жаңа формасында алдыңғысында қамтылған барлық қажетті ақпарат болады. Бірақ жаңа түбіртекте «Ағымдағы көрсеткіштерді енгізу» бағаны болмайды. Себебі, бұл көрсеткіштерді алу функциясын энергия беруші ұйым жүзеге асырады.
Электр есептегіштің көрсеткіші мен суретін «АЭЖБ» МКК(ГКП «АУЭС») энергия беруші ұйымының байланыс телефондарына жіберуге болады: 8 775 784 74 67 және 8 705 131 25 67.