Маңғыстауда коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың жалпы саны 12957 адамды құрады. Екпе салу кабинеттерінің саны 28-ге жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 сәуірде 145 адам вакцинаның І компонентімен егілген.
Атап айтқанда, «Нейрон» медициналық клиникасында - 15, ҚХА ғимаратында - 30, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында -20, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында - 5, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында - 5, Қарақия аудандық орталық ауруханасында -15, №1 Ақтау қалалық емханасында - 25, «Сенім» медициналық клиникасында - 40, «Ясин» медициналық орталығында - 30.
Вакцинаның ІІ компонентімен Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында – 20 адам егілді.
Осылайша, облыс бойынша вакцинациялау басталғалы І компонентпен егілгендердің жалпы саны 12957 адамды құрады. Вакциналардың қалдығы 7210 доза. ІІ компонентпен 1462 адам егілді, вакциналардың қалдығы 7835 доза.
Кез келген тұрғын өзі тұратын ауданға қарамастан, егу кабинетінің кез келгенінде екпе алуына болады. Вакцинация дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Процедура тегін.