Маңғыстау облысының аумағында 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған шара аясында полицейлер жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне аударуда.
"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ көлік жүргізушілері, ішкі істер органдары тарапынан қабылданып жатқан шараларға әрқашан түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің мақсатымыз - айыппұл салу емес, біздің мақсатымыз - жүргізушілер арасында тәртіпті қалыптастыру. Сондықтан да , барлық көлік құжаттарының дұрыс болуы, қажетті тексерістен өткендігі болуы керек. Жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктер мен көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер қатаң тексерілетін болады”, деп хабарлайды.