29-қыркүйек күні Достық үйінде "Оториноларингология, бас және мойын хирургиясының заманауи мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық форум өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Еуропа Болгария, Италия, Польша, Польша т.б мемлекеттерден 250-ге жуық хирург маман келеді.
Сондай-ақ ғалымдар, оториноларингологтар, отоневрологтар, нейрохирургтар, жақ-бет хирургтары (профессорлар, ғылым докторлары, қауымдастырылған профессорлар, PhD докторлары, магистрлер, дәрігерлер және резиденттер) қатысып, білім алмасады.
Шара ертең сағат 10:00-де басталады.