Фильмнің түсірілімі аяқталған, бірақ түсіру тобы ол жерді тазартып, қоқыстарын жинап кетпеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік желіде таратылған видеода ер адам фильм түсірілгеннен кейін барлық жерде қоқыс қалғанын айтады.
"Олар осылай бей-берекет қалдырған. От жаққан, оны да жинамаған орнын. Жан-жағында қап, арба, арбаның дөңгелектері жатыр. Қоқыс көп мұнда. Көлігімде қазір 4 қап қоқыс пен сынған шатыр бар”, - дейді қоқыстарды жинап жүрген ер адам.
Редакция облыстық туризм басқармасынан түсініктеме күтуде. Себебі, облыстық әкімдіктің келісімінсіз Бозжырада мұндай түсірілімдердің болуы мүмкін емес.