30 қыркүйек күні кезекші бөлімшеге Ақтау-Ақшұқыр жолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі екі атты қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір полицейлер жылқылардың иесін анықтауда. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.