Облыс әкімдігінің телеграм каналына өңір тұрғыны 1-қазан күні халықаралық қарттар мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік төлем туралы сұраған,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тұрғын сауалына Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов жауап берді.
- Маңғыстау облысы бойынша 1 қазан - халықаралық қарттар күніне орай 70 жастан асқан зейнеткерлерге 2 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді. Ағымдағы жылдың қазан айында облыс бойынша 70 жастан асқан 16 мыңнан астам зейнеткерге 101,1 млн теңгеден астам қаражат төлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, 1-10 қазан аралығында қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің қолдауымен «Қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылып отыр, -деп жауап берді Әсет Шопанов.
- Мерекеге орай қарттарға 2 айлық есептік көрсеткіште біржолғы әлеуметтік төлем аударылатынын жеткізді. Қазіргі таңда телеграм каналға 11 913 адам тіркелген. Барлығы 13 252 сұрақ келіп түссе соның 13 238-не жауап берілді, дейді дейді МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ БАҚ жұмыс бөлімінің маманы Меруерт Миралиева.