Қаулы облыс аумағында 2021 жылғы 17 сәуір сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес төмендегі шектеу шаралары енгізіледі.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, эпидемиологиялық ошақта тергеп-тексеру мен науқастардан және олармен байланыста болған адамдардан сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге;
2) ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрермендермен спорттық шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтойлар, үйдің ішіндегі жиындар т. б.) өткізуге;
3) ас беруді (садақа) өткізуге;
4) букмекерлік кеңселер, бильярд, түнгі және ойын клубтары, караоке, банкет залдарының қызметіне;
5) облыстық командалардың (мәдениет, білім және спорт саласында) спортшылардың жеке спорт түрлері бойынша жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға "қызыл аймақтарда" орналасқан өңірлерге және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына.
РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ:
1) күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалааралық, облысаралық, ауданаралық жолаушылар автобус тасымалына, жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне;
2) 25 баладан аспайтын кезекші топтарын ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне;
3) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
-контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
-жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
4) күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде ғимараттарды желдету, медициналық маска кию арқылы жалпы сиымдылығы 50% - дан аспайтын және 30 адамнан аспайтын мәдени нысандардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 қаулысының талаптары сақтай отырып, толымдылығы 20% - дан аспайтын кинотеатр жұмыстарын жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;
7) күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып, СПА-орталықтардың, сұлулық салондардың, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, жаттығу залдарының, фитнес орталықтарының, спорт секцияларының, спорттық - сауықтыру орталықтарының, моншалардың және жексенбіден басқа күндері сауналар қызметіне;
8) күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;
9) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 50% - ға дейін бірақ 50 орыннан асырмай қоғамдық тамақтану обьектілерінің (үй –жайлардағы) қызметіне жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат беріледі;
10) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 30% - дан асырмай және 1 келушіге кемінде 4 ш.м. сақтаған жағдайда, сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің қызметіне;
11) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі.
Облыстың аудандар мен қалалар әкімдеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, кәсіпорындарға, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына және облыстық «Атамекен» ҰКП-на:
1) мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге өндірістік қажеттілікке байланысты 50% қашықтан жұмыс істеуге және 50% дәстүрлі жұмысқа ауыстыруды қамтамасыз етуге.
Маңғыстау облысында карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.