Мұнайлы ауданының екі ауылында бір айдың ішінде мың адам «Sputnik V» вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал бүгін Басқұдық ауылында жарты тәулікте 45 тұрғын екпе алып үлгерген. Басқұдық ауылында соңғы 300 доза ғана қалған. Ал Қызылтөбе ауылындағы коронавирусқа қарсы «Sputnik V» бір аптаның ішінде егіліп кеткен. Ауыл тұрғындары арасында вакцина салдыруға келген халықтың қарасы аз емес. Өйткені облыс бойынша бұл ауылдардың белсенділігі Ақтау қаласынан кейінгі екінші орында тұр.
Өзімнің елді мекенімдегі емханаға келіп, психологтың кеңесіне жүгіндім. Содан соң терапевт дәрігердің бақылауында болып қан қысымымды өлшеттім. Өз еркіммен анкета толтырып, вакцина алдым. Қазір менің жағдайым жақсы, қарсы белгілер байқамадым, - дейді Басқұдық ауылының тұрғыны Балқаш Есмағамбетова.
Бүгін өзім ерікті түрде вакцина алуға келдім. Әлеуметтік желіде өтірік ақпараттар тарап жатыр ғой. Қорқудың керегі жоқ. Бүгін өзім вакцина алғаннан кейін көзім жетті, екпенің ешқандандай кері әсері жоқ. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жалпы бұл дертті тек вакцина арқылы жеңеміз деп ойлаймын, - дейді Маңғыстау ауылының тұрғыны Тойгүл Жұбаныс.
Махаббат Нұржанқызы