© Сурет авторы Талант ҚҰСАЙЫН
Бүгін «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында жылжымалы егу пункті ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Егу пункті ашылған алғашқы сәттен бастап 20-ға жуық адам вакцина алып үлгерді. Енді сауда орталығында жүрген тұрғындар өз қалауы бойынша екпе ала алады.
Медицина мамандарының айтуынша, тұрғындар вакцина алмас бұрын дәрігердің сұрақтарына жауап береді. Арнайы анкетаны толтырады. Содан соң дене қызуы, қан қысымын өлшейміз. Бұрын сонды қандай аурумен ауырғанын, аллергиялық сипатын анықтаймыз. Денсаулығы бірқалыпты болған жағдайда ғана епке саламыз. Содан соң жарты сағат дәрігердің бақылауында болады.
Ал вакцинаның екінші дозасы 21 күннен кейін салынады.
Еске сала кетейік, өңірде 18 егу пункті және 4 жылжымалы егу пункті жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда облыста вакцина салдырған тұрғынның саны 8000-ға жуықтады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА