Ақтауда Наурыз мейрамына орай қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, бүгін қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көлік (№ 2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8 ) жолаушылардан ақы алмайды.
Аталған акцияға қала тұрғындары алғыстарын айтты.
“Қалаішілік барлық автобус алғаш рет тегін болды. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай еді. Үлкен ризашылығымды білдіргім келеді!” - дейді қала тұрғыны Жазира Алпысбаева.