Кеше Құрық ауылында шағын футболдан Қарақия ауданының халықаралық «Әкім кубогы» турнирі салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рысбаев қатысты. Ол командалар мен көрермендерді келе жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және турнирдің ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған турнирге 10 команда қатысып, үш күн бойы өзара күш сынасады. Олардың сапында Қарақия ауданы және ауданға қарасты Жетібай, Мұнайшы ауылдарының командалары, сондай-ақ Мұнайлы ауданы мен Қызылтөбе ауылы командалары, Ақтау қаласының «Құрдастар» командасы, Түпқараған ауданынан «Қараманды» командасы, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылынан «Ханкелді» командасы, БҚО, Орал қаласынан «Желаев наны» командасы, БҚО, Шыңғырлау ауданынан «Арман» командасы кешеден бері тартысты ойын өрнегін көрсетуде.
Сайыс жексенбіде аяқталады. Жеңімпаз командалар салтанатты түрде марапатталады.
Шынар КЕНДІН