Ертең, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай қаладағы қоғамдық көліктер тегін қатынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақтауда № 2, 3, 3м, 4, 5, 8, 107 бағытындағы автобус жолаушылардан ақы алмайды.
«Мереке күндеріне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі бұған дейін де ұйымдастырылды. Бұл жолы да 1 желтоқсан және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында жеңілдік жасауды жөн көрдік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, егемендігіміз нығая берсін», - дейді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА