Қарақия ауданында шағын футболдан халықаралық «Әкім кубогы» турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне аудан әкімі Қыдырберді Беков қатысты. Ол спорт сүйер қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
Үш күнге созылған жарыста Боранқұл ауылының «Ханкелді» командасы жеңімпаз атанып, алтын медаль, дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар «800 000» теңгелік сертификат пен ауыспалы «Әкім кубогы» жүлдесі табысталды.
2-орынға Жетібай ауылының «Жетібай» командасы жайғасты. Команданы «Нұр Отан» партиясы ҚАФ төрағасының бірінші орынбасары Қилымғали Көшенов құттықтап, команда мүшелеріне күміс медаль, дәрежелі диплом, естелік кубок табыстап, «Төрт жүз мың» теңге сертификатпен марапаттады.
Ал 3-орын Қарақия ауданының «Қарақия» командасына бұйырды. Команда қола медальмен, дәрежелі дипломдармен, естелік кубок және «Үш жүз мың» теңгелік сертификатпен марапатталды. Жүлдені «Қарақия аудандық футбол федарациясы» ҚБ төрағасы Ербол Ордабаев табыс етті.
Сонымен қатар жарыста аудан құрама командасының қақпашысы болған марқұм Аманиязов Руслан Нұрбергенұлын мәңгі есте сақтау үшін Руслан Аманиязов атындағы «Үздік қақпашы» сыйлығы тағайындалған болатын. Аталған сыйлықты «Ханкелді» командасының қақпашысы Марат Дүйсебаев қанжығалады. Дипломмен бірге «Жүз мың» теңгелік сертификат берілді.
Оқи отырыңыз: Қарақияда шағын футболдан «Әкім кубогы» өтіп жатыр
«Әкім кубогы» турнирінің атынан «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Сұр мерген ойыншы» номинациясы бойынша арнайы жүлделер берілді.
Айта кетейік, жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Шынар КЕНДІН