Бүгін Маңғыстау облысында 2500-ға жуық ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қаланы көгалдандыру жұмысы "Мекенім - жасыл елім" атты республикалық акция аясында орындалып жатыр.
Маңғыстау облысы Табиғат ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Динара Еңсегеннің айтуынша, шырша ағашын отырғызуға 5000-ға жуық маман келген.
Оның ішінде басқарма басшылары мен мекеме мамандары, Қазақстан Ассамблеясының өкілдері, еріктілер бар.
Олар алдымен 17, 18 шағынауданнан бастап 16-19 шағынаудандардың орталық көшелеріне, 32 және 35 шағынаудандағы Қан орталығына дейін шырша екті.
Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев та атсалысты.
"Таза табиғат" акциясы 5 бағытты қамтиды. "Мекенім - жасыл елім" бағыты бойынша ағаш отырғызса, оқушылар "Бұл - менің ағашым" челленджін өткізеді. Сонымен қатар "Таза су айдындары" бағыты бойынша бұлақ көзін ашу, "Таза жағалау" акциясы ұйымдастырылып жатыр. Қазір жағалау аймақтарына, су қоймалары мен қаумалдарға сенбілік жүргізіліп жатыр", - дейді Динара Еңсеген.
Айта кетейік, акция Президент тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ