1-2 қараша күндері «ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» дәрігерлері маңғыстаулық тұрғындарға тегін көшпелі консультация өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көшпелі бригаданың құрамында дәрігер-кардиохирург Талғат Жакиев, дәрігер-аритмолог Ринат Камиев және дәрігер-ангиохирург Абылай Сейткалиев болады.
Консультацияға қабылдау Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханада өтеді. Алдын ала жазылу бойынша телефон нөмірі – 8 777 550 25 26
Консультация алу үшін науқас жеке басын куәландыратын құжатты ұмытпауы керек. Сондай-ақ кардиохирург қабылдауына – ЭКГ, эхокардиограмма хаттамасы, коронарлық ангиография/КТ дискі және қолда бар үзінділер, зерттеулер, талдауларын, аритмолог қабылдауына – ЭКГ, холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы және қолда бар үзінділер, зерттеулер мен талдаулары және ангиохирург қабылдауына – доплерлік ультрадыбыстық, дискілік ангиография және КТ ангиографиясы, қолда бар үзінділер, зерттеулер мен талдауларын әкелуі қажет.