Бүгін «Достық үйінде» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қуанышты күн» шарасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шара «Қайырымды істер марафон» акциясы аясында қырғыз этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды және ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу, қоғамға тарту және көңіл бөлу, қуаныш сыйлау.
Аталған шараға 30-ға жуық бала қатысты. Олар ән айтып, өлең оқып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Қуанышқа толы мерекелік шара соңында балаларға «Алтын күздің» символы ретінде жеміс-жидек, көкөніс толы себет табысталды. Сонымен қатар «Ала-Тоо» қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі Салтанат Исмаилова балаларға емдік массаж сертификатын берді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА